Текст песни Роза Әлқожа - Қыз ұзату [ ]

Осылай жетелейді жыраққа арман

Құрбылар артта қалар сыр ақтарған

Туған үй, атаң қалды, анаң қалды

Артыңа қарайлама бірақ қарғам

Қайырмасы:

Көрсетіп жап-жарық жасаған жол,

Жақсылық әкелсін босағаң мол.

Жүрерсің анаңның ізіменен,

Жат жұрттық жарығым қош аман бол.

Несіне алаңдаумен егілемін

Бір емес екеу болды-ай сенің елің

Келіннің алды болғын айналайын

Еліңнің еркелеткен елігі едің

Қайырмасы:

Көрсетіп жап жарық жасаған жол

Жақсылық әкелсін босағаң мол

Жүрерсің анаңның ізіменен

Жат жұрттық жарығым қош аман бол

Послушать илиСкачать песню в Mp3