Ботақаным қарайсың мөлдіреген көзіңмен,
Аққуы бар көлдегі махаббатты сезінем
Бір өзіңе бар сырымды айтайын деп келгенде
Қалады тіл байланып ұялғандай өзіңнен
Жоғаласың көп неге
Келіп кетпей әпкеңе
Сағынышым қайдасың
Қасыма кел еркеле
Құшақ жайып қарсы алам
Арманымсың аңсаған
Өзіңе арнап сүйіктім
Әсем әуен ән салам