Текст песни QARAKESEK - ӘЛДИ

Әлди - Әлди - Әлди Ұлым-ау,

Сендей жарық жоқ еді-ау, бөлмемде бұрын-ау.

Сені берген, ЖАҚСЫ-ның жақсылына таңғаламын,

Әлди - Әлди жан балам.

Ұлым-ау

Ертең жүгіресің құлыным-ау.

Сені жоқтан бар еткеннің Құдіретіне таңғаламын,

Жарық дүниеге, қош келдің балам!

Қош келдің баламыз,

Біз қасыңда боламыз.

Шүкір етіп бұрыламыз

МЕККЕ жақта құбыламыз.

Бәріне бірге жетеміз, РАХМАН қаласа

ҚЫС болсада ыстық 24-ші ҚАРАША

О ЖАРАТҚАН

Күнді-түн, түнді-күн қылған.

Қураған бау бағымды, Гүл қылған,

Тып-тыныш үйімнен, Анамның Әлдиі естілді.

Послушать илиСкачать песню в Mp3