Сен сұлу ханшайымсың, бұралған бал қайыңсың.
Армансыз бозбалаға, жар іздеген ханзадаға.
Жанымның жұлдызысың, бағымның бұбұлысың,
Шуағың таралғандай, сұлулықтан жаралғандай.
Мың бір түн бе екенсің, ай мен күн бе екенсң?
Жұлдыздайсың маған, моншақтарыңнан.
Әлде гүл ме екенсің, әлде нұр ма екенсің,
Ханшайымсың аңсап, жүрек сағынған?
Тотыдай түрленесің, ғажайып күге енесің,
Назданып нұрланғанда, құлыпырады бұл жалған да,
Аялы жан сырымсың, аяулы бал шырынсың,
Шығыстың аруындай, ақ сәлем, таң нұрындай.
Мың бір түн бе екенсің, ай мен күн бе екенсң?
Жұлдыздайсың маған, моншақтарыңнан.
Әлде гүл ме екенсің, әлде нұр ма екенсің,
Ханшайымсың аңсап, жүрек сағынған?