Текст песни AUKA - MEKTEBIM

11 жылдық мектеп,

Біз оқыдық ептеп,

Енді міне қоштасар,

Бізге уақыт жетпек.

Апайлар мен ағай,

Білім берген талай,

Кетеміз арғарай,

Бітті мектеп давай!

Сағынамын мектептегі сәттерді,

Сағынамын кітабым мен дәптерді,

Қимасам да балалығым өткенді,

Енді міне қоштасатын сәт келді.

Сағынамын ақ бантикті сұлуды,

Сағынамын ақ көйлекпен жүруді.

Көп рақмет, алтын ұя мектебім!

Сен үйреттің қалай өмір сүруді.

  • Источник: muzun.net
  • Слова из трека: MEKTEBIM
  • Исполнитель: AUKA
Послушать илиСкачать песню в Mp3